05,10,2018 жылы Тихоокеанск орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының талқылауы өтті.
«Тихоокеанск орта мектебі » КММ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
арналған жолдауына ой пікір
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.
Айта кетейік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
-Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Онда біздің халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты көптеген мәселелер қамтылды. Біз Жолдауды ұжым болып отырып, тыңдадық. Біздің ұжым ұстаздар ұжымы.
Біріншіден, Елбасымыз қазақстандықтардың жалақысын өсіру мәселесін көтерді. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын қазіргіден 1,5 есеге көтеру туралы Үкіметке нақты тапсырма берді. Қазір еліміз бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңге болса, енді келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мыңға дейін көтернілетін болды. Бұл өте дұрыс деп есептеймін. Біз Жолдауды 300 мұғаләм отырып тыңдадық. Елбасының әрбір көтерген бастамалары сол аудиторияға жиылған жұрттың көңілінен шығып отырды.
Екіншіден, біз ЖОО болған соң жастармен жұмыс жасаймыз. Елбасы осы жастардың жаңа пәтер алу мәселесін көтерді. Келер жылы Қазақстанда Жастар жылы деп жариялады. Бұл дегеніңіз жастар мәселесі Үкіметтің, Елбасының назарынан тыс қалмайды деген сөз. Президен Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін бірінші мәрте айтып отырған жоқ.
Одан кейін, бүгінгі Жолдаудан ұққанымыз – Президентіміз елдегі жағдайды егжей-тегжейлі біліп отыр екен. Сондықтан да, бүгінгі Жолдауда абстрактілі емес, нақты-нақты тапсырмалар айтылып, мәселелер көтеріліп отыр.
-Елбасының Қазақстан халқына, қазақ қоғамына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдаудың дәл қазір жолдануының өзі де еліміздегі әлеуметтік мәселелердің сондай бір маңызға ие болып отырғандығын көрсетеді. Елдің тұрмыс-тіршілігі, әл-ауқаты үнемі Елбасының, Үкіметтің назарында екенін тағы бір мәрте еске салды. Сондықтан да, биылғы Жолдау тақырыбы – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.
Содан кейін, Елбасы өз Жолдауында еліміздегі ғылым мен білім саласына басты назар бөлді. Әсіресе, орта білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі білім беріу орталықтарына назар аударды.
Келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Жалпы меінң көзқарасым былай: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауы – түгелімен дерлік жастар мәселесіне арналды. Сондықтан биылғы Жолдау – жастарға арналған Жолдау болды деп айта аламыз.
Еліміздегі билік салалары, экономикалық, қаржылық, қоғамдық ұйымдар, Үкіметтік және Үкіметтік емес ұйымдардың барлы дерлік жастар мәселесіне назар аударуы тиіс. Өйткені, Қазақстанның болшағы жастардың қолында екенін Елбасы жиі айтып жүр.
Содан кейін, Біздің бір қуанрымыз – Елбасы келер жылы мұғалімнің мәртебесі туралы заң қабылданатынын айтты. Бұл өте қуантарлық жаңалық. Бүгінгідей, мұғалімдер күні қарсаңында бұл үлкен сый болды десе де болады.
Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуында, дамуы мен білім алуында ұстаздың ең маңызды рөл атқаратынын білеміз.
Мектеп ұжымы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау