Жастардың бойында инабаттылық, адалдық, өзін-өзі реттеу сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Зеленогай орта мектебі» КММ-де бүгін, «Адалдық дүкені» жұмыс істеді. Мұндай дүкеннің қызметі өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне негізделген: оқушылар мен қызметкерлер тауарларды таңдап алып, төлемді арнайы ашық кассаға қалдырады да қажет болған жағдайда қайтарымды өздері алады. Барлығы адалдық принципіне негізделген.