Халықаралық Кітап сыйлау күні аясында 14-27 ақпан аралығында "Зеленогай ОМ" КММ мектеп кітапханасында "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өтеді. Мерекенің негізгі идеясы-бүкіл әлемдегі адамдарды жақсы кітаптар сыйлауға шабыттандыру және кітап технология ғасырында да ең жақсы сыйлық болып қала беретінін көрсету.
Бұл күндері әркім кітапхана қорын толықтыру үшін сыйлық ретінде кітап әкеле алады. Ұсынылған басылымдардан " Кітаптарды сүйіспеншілікпен сыйла!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.