Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы кең таралған қылмыстардың бірі болып қала береді. Соңғы жылдары Қазақстанда заңсыз айналымда бұрын кездеспеген жаңа есірткі құралдары пайда болды және, әдетте, олар синтетикалық есірткі құралдары болып табылады. Синтетикалық есірткілер Қазақстан үшін аса қауіпті қатерлердің бірі болып табылады. Есірткі қолданушылардың денсаулығына зиян келтіретін зардаптардан басқа, қылмыстың күрт өсуіне әкеледі.
Соңғы жылдары есірткіге тәуелді және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар саны едәуір өсті. Әсіресе, есірткі курьерлерінің көбеюі алаңдатады. Әлеуметтік желілер арқылы жас жігіттер мен қыздарға, соның ішінде жасөспірімдерге тәжірибе немесе арнайы дағдыларды қажет етпейтін "жоғары ақы төленетін" жұмыс ұсынылады. Олар көбінесе барлық қауіпті де, Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын да түсінбейді. Біздің мектептің 9-11 сынып оқушылары Ринат Балғабаевтың "бетбелгі" деректі фильмін ұжымдық көруге және талқылауға қатысты. Балалар фильмді талқылап, басты қорытынды жасады: -Ешқандай ақша бостандыққа тұрарлық емес!