Мәдениет НМ-де қараша айының 8-і жұлдызында "Арайлы, алтын күз" күзгі бал кеші атап өтілді. Оқушылар күз әндерін шырқап, жанды әуенге билеп , актерлік шеберліктерін көрсетті. Мерекелік іс-шараға 1-9 сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер көзайымына айналды. "Күз ханзадасы мен ханшайымы" деп 1-3 сынып оқушылары Серікбай Әлинұр Сабиржанұлы мен Мұрат Назым Бейімбетқызы таңдалды. Қалған оқушылар жұптары "Ең әдемі жұп", "Креативті жұп", "Өнерлі жұп" , "Ең тапқыр жұп", "Ең сәнді жұп" номинациялары бойынша марапатталды.