Болашақты бірге отырғызамыз!" – акциясы аясында өткізілген ағаш отырғызу шарасы «Таzа Like» салтанатты іс-шара қарсаңында оқушыларымызбен және мектеп түлектерімен бірге болашаққа деген үміт пен жауапкершілікті көрсеткен жарқын іс-шара. Әрбір отырғызылған көшеттер – тек қана жасыл өсімдік емес, ол біздің болашақ ұрпаққа қалдырған қамқорлығымыздың, табиғатқа деген құрметіміздің және таза орта құруға деген ұмтылысымыздың айнасы.
Оқушылар бұл іс-шараға үлкен қуанышпен қатысты, олардың жүздеріндегі жарқыраған көзқарас табиғатты қорғау үшін қосқан үлестерінің маңыздылығын айқындап тұрды. Бірге отырғызылған ағаштар – тек қана мектеп ауласын көгалдандыру емес, әр оқушының жүрегіне табиғатқа деген сүйіспеншілікті ұялатты.