«Қыран елім-Қазақстан» патриоттық акциясы ұйымдастырылды.
Әнұран – мемлекеттің маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның ұлттық ерекшелігі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақ азаматының өсіп-өніп, қалыптасып келе жатқан киелі бесігі ретінде дәріптеледі.
Әнұранды орындау, ең алдымен, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрқайсымыздың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басым бағыттарының бірі болып табылады.