Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

Bilim land

block2_eop.png?_=1495531126
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы

«Тайынша қаласы

№5 орта мектебі»КММ

МАД сыныбының тәрбиешісі

А.К.Токубаева

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы

Мақсаты: Еліміздегі тарихи оқиғалар, тәуелсіздік шежіресіне ой жіберіп, Отанын, елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: Әдеби-монтаж.

Көрнекілігі:

  1. Нақыл сөздер.

Байтақ дала, жерім менің,

Арта берсің кенің сенің.

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің!

  1. Бүктемелер мен фотомонтаждар, сыныптың қабырға газеті.
  2. Қосымша деректер.

Барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

"Менің Отаным — Қазақстан" атты әдеби-сазды тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Отан деген не? "Отан" деген сөзді күн сайын естіп жүрміз, оны бала кезімізден білеміз. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

"Менің Республикам "

1-оқушы:

К.Дильназ:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

2-оқушы:

Қ.Санжар:

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

З.оқушы:

Фарида:

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.

4-оқушы:

Жасмин:

Менің Байтақ Республикам таулары,

Менің көгім мөлдіреген көк аспан.

"Үш бақытым " әні орындалады.

5-оқушы:

Нұрсәт:

Ойхой, қазақ даласы не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?

6-оқушы

М.Санжар:

Тұрағым Қазақстан елді мекен,

Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.

7-оқушы

Жанель:

Елордамды қалай мақтан етпеймін,

Мол ырысқа толып жатса төскейім.

8-оқушы

Мағжан:

Президентім бар менің елі түгел,

Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

9-оқушы

Ағерке:

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.

10-оқушы

Асанали:

Қасиетті, қалың елім - орманым,

Орманымда жас терек боп көктеймін.

11-оқушы

C.Санжар:

Ел болдық, шүкір не керек,

Әлемге аты танылған.

Мереке бүгін ұлы күн,

12-оқушы

Нұрай:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

 13-оқушы

Малика:

Көк байрағың желбіресін,

Егеменді елім менің!

14-оқушы

Тахмина:

Азатты елдің ұлымен,

Теңескен төбем көкпенен.

15-оқушы

Мәди:

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

- Бірлігіміз берік болсын!

 

Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Өйткені, ол сонғы үш жүз жыл бойы тәуелсіздіктен айырылған еді. 1986 жылғы "желтоқсан толқуы" - қазақ халқының бүгінгі тәуелсіз ел болуының себепкері.

 

Осы бір тарихи оқиғадан кейін, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Жүргізуші:

Мемлекеттік мерекеміз — Республика күнін сеніммен, зор үмітпен карсы алып отырмыз. Ендеше, алдағы өмірде де шежіреміз жаңа табыстармен, жақсылықтармен толыға берсін демекпіз!

Көрмемен таныстыру.

Қорытынды.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь